Әлеуметтік-құқықтық құбылыс мәселесі

509

0

Қазіргі таңда елімізде сыбайлас жемқорлық – қоғамының басты мәселесі болып табылады. Осыған орай, Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйесін құрып, оның жетістігінің кепілі Қазақстан Республикасының Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың мықты саяси ерік-жігері болып табылатындығы баршаға мәлім. Әрбір бес жыл сайын елбасымыздың жарлығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестің мемлекеттік бағдарламасы қабылдануда. Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясаты нақты қадамдары бағдарланған және үздіксіз, ал қоғамда қазіргі уақытта  қауіп төндіріп, елдің ұлттық қауіпсіздігін тежеп, экономиканың дамуына теріс әсер ететіндігі белгілі.

Сыбайлас жемқорлықпен байланысты қылмыстар лауазымды тұлғалардың қызметтік мүмкіншіліктерін пайдалана отырып, қылмыстық ниеттерін іске асыруынан көрінеді. Өкінішке орай, осы әлеуметтік-құқықтық қоғам саласында лауазымды тұлғалардың ішінде сыбайлас жемқорлыққа байланыстары бар тұлғалар да қызмет істейді. Шетелдік және Отандық мемлекеттік қызметкерлердің, оларға теңестірілген лауазымды тұлғалардың, сондай-ақ олармен аралас қызметтегілердің сыбайлас жемқорлық фактілері үшін жауапкершілігін реттеудегі тəжірибесі алуан түрлі, көбінесе қарама-қайшы жəне құбылмалы, бірақ назар аударуға тұрарлық. 

Қазіргі уақытта 2015 жылға дейін есептелген сыбайлас жемқорлыққа қарсы бесінші бағдарлама іске асырылуда, ол біздің мемлекетіміздің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласындағы келесі негізгі басымдықтарын қамтиды:

1) сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы жетілдіру;

2) сыбайлас жемқорлықты азайту бойынша мемлекеттік шаралар қабылдау;

3) құқық қорғау және сот жүйесін жетілдіру;

4) халықаралық ынтымақтастықты нығайту;

5) БАҚ әлеуетін пайдалана отырып, халық арасында кеңінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы насихат жүргізу;

6) азаматтық қоғаммен өзара іс-қимыл жасау.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетке бағытталған және мемлекеттік органдар, сондай-ақ азаматтық қоғам іске асыратын өзара байланысты шаралар кешенін әзірлеу мақсатында 1998 жылғы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған сәттен бастап, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңнамалық база үнемі жетілдіріліп отырады.

Сыбайлас жемқорлық – жүйелі құбылыс екенін ескере отырып, онымен күресу шаралары жүйелі болуы тиіс. Сыбайлас жемқорлықтың табиғатын анықтау және оның түрлерін зерттеу осы құбылыстың күрделілігі, көп қырлылығы, оның ішкі мәнін, себептері мен жағдайларын егжей-тегжейлі зерделеу қажет. Қазіргі уақытта бұл мәселе қалыптасып отырған мемлекет жағдайында ерекше өзектілікке ие болып отыр. Осыған байланысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет тетіктері одан әрі жетілдіруді қажет етеді. Интернет-ресурстар арқылы мемлекеттің халықпен кері байланысын қамтамасыз ететін электрондық үкімет құрылды. Әрбір мемлекеттік орган өзінің веб-сайтының жұмыс істеуін қамтамасыз етеді, министрліктер мен ведомстволардың басшылары үкімет порталында жеке блогтар құрды. Тиісті нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу және қабылдау, жеңілдіктер мен бір рет қолдану түрінде азаматтық қоғам институттарын дамытуды белсенді мемлекеттік қолдау жүзеге асырылуда.

Осыған орай, Жаңақорған және Шиелі аудандарында сыбайлас жемқорлықпен күресу шаралары қолға алынып, тыңғылықты жұмыстар атқарылуда. Сыбайлас жемқорлыықпен күресу және оны болдырмау – әрбір Қазақ елі азаматтарының міндетті борышы болмақ!

Сәбит Ибраев,

Жаңақорған ауданаралық әділет басқармасының басшысы,

«Қазақстан заңгерлер» одағының мүшесі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<