ӘЛЕУМЕТТІК САЛАДА ҚЫЗМЕТІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ОБЛЫСТЫҚ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРЫНДАР ҮШІН ТАЗА КІРІСІНІҢ БІР БӨЛІГІН АУДАРУ НОРМАТИВІН БЕЛГІЛЕУ ТУРАЛЫ

6

0

Жоба

«Қазақстан Республикасының Бюд­жет кодексі» Қазақстан Рес­пуб­ликасы Кодексінің 56-бабының 2-тармағына және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы­ның 140-бабының 2-тармағына сәй­кес Қызылорда облысының әкімдігі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын облыстық коммуналдық мемле­кеттік кәсіпорындар үшін таза кірі­сі­нің бір бөлігін аудару нормативі мемлекеттік кәсіпорынның таза табы­сының сомасынан 50 (елу) пайыз мөлшерінде белгіленсін.

2. «Қызылорда облысының экономика және қаржы басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада бел­гіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

                әкімі             Н. НӘЛІБАЕВ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КЕЙБІР ҚАУЛЫЛАРЫНЫҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ ДЕП ТАНУ ТУРАЛЫ

«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27 және 50-баптарына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес тізбе бойынша Қызылорда облысы әкімдігінің кейбір қаулы­ларының күші жойылды деп танылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүк­телсін.

3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қызылорда облысының

               әкімі                Н. НӘЛІБАЕВ

Қызылорда облысы әкімдігінің

2026 жылғы «__» ___________

№ _____ қаулысына қосымша

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ ӘКІМДІГІНІҢ КҮШІ ЖОЙЫЛДЫ ДЕП ТАНЫЛАТЫН КЕЙБІР ҚАУЛЫЛАРЫНЫҢ

ТІЗБЕСІ

1. «Облыстық коммуналдық мемле­кеттік кәсіпорындардың таза кірісінің бір бөлігін жергілікті бюджетке аудару нормативін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2018 жылғы 26 қарашадағы №1269 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6542 болып тіркелген);

2. «Облыстық коммуналдық мем­лекеттік кәсіпорындардың иелігінде қалған таза кірістің бір бөлігін бөлу нормативін белгілеу туралы» Қызылорда облысы әкімдігінің 2019 жылғы 1 сәуірдегі №1357 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №6758 болып тіркелген);

3. «Акциялардың мемлекеттік пакет­тері (жарғылық капиталдағы қа­тысу үлесі) облыстық коммуналдық мен­­шіктегі акционерлік қоғамдардың, жауап­кершілігі шектеулі серіктес­тіктердің дивидендтерінің (кірістерінің) көлем­дерін белгілеу туралы» Қы­зылорда облысы әкімдігінің 2020 жылғы 8 желтоқсандағы №143 қаулысы (Нор­мативтік құқықтық актілерді мем­лекеттік тіркеу тізілімінде №7886 болып тіркелген).