Әлеуметтік сақтандыруға қатысты мәжіліс өтті

489

0

Бүгін Әйтеке би кенттік клубында ҚР Әлеуметтік Кодексі мен халыққа мемлекеттік қолдау шараларын жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері туралы мәжіліс өтті.

Мәжілісті жүргізген аудан әкімі аппаратының басшысы Ринад Тілеп ҚР-ның Әлеуметтік кодексі мен халыққа мемлекеттік қолдау шараларын жұмыспен қамту және әлеуметтік сақтандыру мәселелері бойынша ақпараттық түсіндірме жұмыстарын жүргізу үшін құрылған арнайы топтың іссапармен ауданға келіп отырғанын айтты.

Жалпы, топ құрамында Қызылорда облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы, еңбек және әлеуметтік қорғау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Төреахмет Сайлаубайұлы, «Мемлекеттік сақтандыру қоры» акционерлік қоғамының Қызылорда филиалының директоры Гүлсім Жұмағалиқызы және облыстық бақылау басқармасының бөлім басшысы Болат Бекайдарұлы бар.

Күн тәртібіндегі мәселеге қатысты облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Жұмабекқызы баяндама жасады.

Сонымен қатар, кезек ұсыныс-пікірге келіп, қатысушылар тарапынан бірқатар мәселелер көтерілді.

Қазалы ауданы әкімінің

баспасөз қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<