Әлеуметтік зерттеулер байқауының жеңімпаздары жарияланды

570

0

Фото: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы

Қызылорда облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы жалпы білім беретін, арнаулы орта оқу орындары арасында нашақорлық проблемасына қатысты әлеуметтік зерттеулер жүргізуге байқау ұйымдастырды.


Байқаудың негізгі міндеті облыс халқының нашақорлық проблемасына қатынасын анықтау болды.
Байқауға 24 оқу орны қатысты. Олардың әрқайсысы нашақорлық пен есірткі бизнесі ұғымы туралы, оқушылар, студенттер және есірткіге тәуелді адамдардың белгілі бір санаттары арасында өткізу туралы халықтың пікірі туралы, жастар мен жасөспірімдер арасында нашақорлыққа ықпал етуі мүмкін қазіргі қоғамның проблемалары туралы, бос уақытты өткізу тәсілдері туралы, сауалнамаға қатысушылардың қоршаған ортасы туралы, есірткіні тұтынудың әлеуметтік себептері туралы сұрақтарды, есірткіге қарсы насихат нысандары және т.б. қосып, сауалнама жасады.


Байқау комиссияның шешіміне сәйкес сайыстың екінші кезеңінің барлық 24 қатысушысы еңбекқорлығы үшін белгіленсе, ал жеңімпаздар ретінде: Жалағаш ауданының №№123,201 мектеп – лицейлері, Шиелі ауданының №№49,127 орта мектептері, Қызылорда қаласының №271 орта мектебі, Арал ауданының №№262,73 мектеп-гимназиясы мен орта мектебі және Қармақшы ауданының №№183,85 орта мектептері танылды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<