Әлеуметтік желілерде уланған маскалар туралы фейк тарап жатыр

616

0

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде қазақстандықтар есікті қағып, өздерін билік өкілдері ретінде таныстырып, тегін маскалар таратып жүрген адамдар туралы ескерту айтылуда, деп хабарлайды Egemen.kz stopfake.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл хабарламалардың авторларының айтуынша, қорғаныс құралдарына улы химикаттар сіңірілген, оны таққан адам есін жоғалтады, ал қаскүнемдер болса, оның үйін тонайды.

Әлеуметтік желілерде уланған маскалар туралы фейк тарап жатыр

Бұл фейк Интернетте жарты жылдан бері жүр. Мұндай алғашқы хабарламалар сәуір айында АҚШ-та Нью-Джерсиде тараған. Тәуелсіз фактчекерлер мен штат полициясы бұл ақпаратты бірден жоққа шығарды. Сондай-ақ оны Facebok және Twitter әлеуметтік желілерінен өшірді.

Тағы біраз уақыт өткен соң уланған маскалар тарататын тонаушылар туралы хабарламалар Интернеттің орыс тілді сегментінде – Ресейдің түрлі аймақтарында, атап айтқанда, Мордовия мен Якутияда пайда болды. Қазір бұл фейк Қырғызстан мен Қазақстанда танымал. Ешбір елде бұл қылмыстар расталған жоқ.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<