«Екпе сізді және жақындарыңызды кеселден қорғай алады. Түрлі әңгімеге ермей, тек сенім білдіру керек». Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте медицина саласының ардагері Әлия Мәжитова осылай деді.
– Бәріңізге белгілі, коронавирус инфекциясы өңірімізде өршіп тұр. Облысымыз қайтадан «Қызыл аймаққа» еніп, карантин талаптары күшейтілді. Сақтыққа салғырт қарағанан көптеген азаматтар кеселді дерттің тырнағына ілігіп, аурумен алысып жатыр. Айтайын дегенім, қазір жайбарақат өмір сүретін кез емес. Айналамызды жинап, жақындарымызға жанашырлық танытатын уақыт. Медицина саласының мамандары бір жылдан аса уақыт осы кеселмен күресіп келе жатыр. Алайда науқастарды тек ақ халаттылардың көмегімен ажалдан арашалау қиын соғады. Сондықтан әр адам өз денсаулығына өзі жауап беруі керек.Бүгіннен бастап елімізде отандық «QAZVAG» вакцинасын салу жұмыстары басталды. Үлгі ретінде Денсаулық министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып екпе ектірді. Көптеген ғалымдар коронавирус індетін жеңу үшін – вакцина салдыру қажет екенін айтып жатыр. Яғни ұжымдық иммунитет қалыптастыру керк. Біз солай ғана қауіпті кеселге тойтарыс бере аламыз, – деді Әлия Мүсілманбекқызы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<