Әрбір азаматтың дауысы маңызды

508

0

Оспан Жанұзақ ағай ұзақ жылдар бойы су шаруашылығында қызмет істеп, бүгінде бейнетінің зейнетін көріп отырған ардақты ақсақал, ауданның Құрметті азаматы. Бүгін №128 сайлау учаскесіне немересі Ерсұлтанмен бірге сайлауға барып, өз таңдауын жасады.

– Ел болашағы үшін әрбір азамат дауысы маңызды. Сондықтан мен де жасым 90-ға келіп қалғанына қарамастан таң сәріден немерелеріммен бірге өз таңдауымызды жасап, саяси науқаннан шет қалмадық, – дейді 86 жастағы ақсақал Оспан Жанұзақ.

Оспан атайдың немересі Ерсұлтан да атасымен бірге келіп, таңдауын жасады. Жалағаш ауданы бойынша 23 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. 20 мыңнан астам сайлаушы тіркелген. Тұрғындар таңғы сағат 7.00-ден бастап өз таңдауларын жасап, белсенділік танытуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<