Әрбір бала бақыт үшін жаралған

741

0

Т.Есетов атындағы № 264 мектеп-лицей жанынан құрылған «Жаз самалы» күндізгі тынығу лагері өз жұмысын бастады. Лагерьде  4 топ, 80 оқушы қамтылған. Спорттық, ән-би, қолөнер үйірмелері жұмыс жасауда.

«Әрбір бала бақыт үшін жаралған!» тақырыбында лагерьдің ашылу салтанаты өткізіліп, мектеп-лицей директоры Бек Сұлтанбекұлы лебізін білдірді. Мектеп-лицей жанындағы қосымша білім беру орталығының «Жас дарын» хор және «Көркем-ай» би үйірме мүшелері өнер көрсетіп, ән мен биден шашу шашты. жазғы тынығу лагерінің демалушыларына көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

Сонымен қатар лагерьге келушілерге «Қауіпсіз жаз» тақырыбында балалар жарақатының алдын алу туралы мәліметтер беріліп, түсіндірілді.

«СБ» ақпарат