Қазалы ауданының әкімі Мейрамбек Шермағанбеттің төрағалығымен өткен мәжілісте Мемлекет басшысының Жолдауынан туындайтын тапсырмалар талқыланып, Жолдауда айтылған тапсырмаларды аудан көлемінде жүзеге асыру бойынша жауапты басшыларға бірқатар тапсырмалар берілді. Сонымен қатар мәжілістің күн тәртібінде жұмысшы мамандар даярлау, жастардың жұмысшы мамандығына деген қызығушылығын арттыру мәселесі қаралды.
Аудан басшысы бүгінгі таңда қоғамда жұмысшы мамандарға деген сұраныстың жыл санап артып келе жатқандығын айтты. Осыған сәйкес аудандағы техникалық және кәсіптік білім беру бағытында жұмыс жасап келе жатқан Қазалы аграрлы-техникалық колледжі, Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі және Қазалы гуманитарлық-техникалық колледждерінің директорларына бүгінгі күннің талабына сәйкес мамандар әзірлеу, кәсіптік және техникалық білім беру талаптарын күшейту, ең бастысы білім сапасын қадағалауға қатысты нақты тапсырмалар жүктеді. Бұған қоса оқу орындарының қысқы жылу беру маусымына дайындықтарын да пысықтап, жылу беру маусымы ешқандай кемшіліксіз өту керектігін айтты.
Мәжілісте күн тәртібіндегі мәселелерден бөлек, аудан үшін өзекті саналатын салық базасын ұлғайту, бюджетті тиімді басқару және сапалы жоспарлау, егін жинау науқанын өз деңгейінде ұйымдастыру, жылу беру маусымы қарсаңындағы жоспарланған жұмыстар барысы талқыланды. Бұл мәселелер бойынша да аудан басшысы тиісті сала басшыларына нақты тапсырмалар беріп, әрбір берілген тапсырманы сапалы орындау қажеттігін ескертті.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<