Әрекетке берекет: Кәсібін жандандырған кәсіпкер

609

0

Фото: Қала әкімдігі

Қызылорда қаласындағы «Алтын тас» ЖК мекемесінің директоры Нұрбек Тұрғанбеков тас төсеніш пен керамикалық плиталар өндірісін қолға алып, кәсібін дөңгелетіп отыр.

Өндіріс цехы 2016 жылы тастакта (брусчатка) шығара бастаған. 2022 жылы «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арқылы жеңілдетілген несие алып, өндіріс орнын 3 есеге кеңейткен.

Қазіргі таңда, цех аумағында пескаблок, тратуальный плитка, бордюр, лоток, люк, цоколь, полифасад өнімдері өндіріліп, тұтынушыларға пайдалануға берілуде.

Биыл кәсіп иесі өндіріс көлемін 32 000 ш.м-ден 40 000 ш.м дейін ұлғайтуды көздеуде. Қазіргі уақытта, аталған мекемеде 9 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<