Әріптестер мерейі

207

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Бүгін Қызылорда облыстық сотында 28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлерінің күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Шараға Қызылорда облыстық соты төрағасы Әділхади Шығамбаев, облыстық соттың судьясы Б.Қалымбет және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында сот жүйесі қызметінің жариялылығы мен ашықтығын қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін БАҚ өкілдері Қызылорда облыстық сотының төрағасының және Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Соның ішінде Қызылорда облысының “Өңірлік коммуникациялар қызметі” КММ-нің маманы Дәулетхан Өмірбеков әріптесіміз де марапат төрінен көрінді.

Сонымен қатар, іс-шарада Судьялар Одағының Қызылорда облысы бойынша филиалының ұйымдастыруымен журналистер арасында өткізілген «Сот репортері» байқауының І кезеңі қорытындыланып, жеңімпаздар анықталды.

Байқау қорытындысы бойынша ІІ орынды Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің тілшісі Г.Дүйсебаева, І орынды журналистика саласының ардагері, «Сыр дидары» газетінің тілшісі Бейбітбек Бүркітбайұлы иеленді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<