Әріптестік байланыс орнатты

303

0

Облыстық кәсіпкерлер палатасы құрылыс материалдары мен жиһаз өндіретін жергілікті кәсіпкерлердің және құрылысшы компаниялардың арасында әріптестік байланысты нығайту мақсатында көрме және кездесу ұйымдастырды. Көрмеге 20-дан астам жергілікті тауарөндіруші компания өнімдерін әкелді.

Атап айтқанда, құрылыс материалдары мен жиһаз өндіретін «Компания Гежуба Шиелі Цемент» ЖШС, «Шиелі тас-Оңтүстік» ЖШС, «Мир 2001» ЖШС, «Вега пром» ЖШС, «Серікбаев» ЖК, «АКЗ-LTD» ЖШС, «Ниязбекова» ЖШС, «Орда СтройМарт» ЖШС, «Жанайым» ЖК, «Fortis Plastic» ЖШС, «КМЗ Квант» ЖШС, «ЭКСИМ» ЖШС, «КОМФОРТ – 1 KZ» ЖШС, «Nomad» ЖК, «Сыр жиһазы» ЖШС, «Алис Трейд Казахстан» ЖШС, «Абзал мебель» ЖШС, «Пром стройматериал» ЖШС, «Stroy fasad» ЖК, «Завод композитных труб» ЖШС, «Панабек» ЖШС өндіретін өнімдерін көрсетті. 

Шараға «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша өңірде алғаш болып мектеп құрылысын бастайтын компания басшылары да қатысты.  Жаңақорған ауданында 300 орындық мектеп құрылысын салуды жеңіп алған «Алтын айдарлы» ЖШС директоры Ерғали Егізбайұлы жергілікті тауарөндірушілермен осыған дейін де әріптестік байланыста екенін айта келе, ұлттық жобада да олармен жұмыс істеуге әзір екенін жеткізді. Жаңақорған ауданындағы 600 орындық мектептің мердігері «Аман құрылыс» ЖШС өкілі Ақмарал Қалменова жергілікті компаниялармен әріптестік қарым-қатынас орнататынын айтты.

Айта кету керек, алдағы 3 жылда Қызылорда облысында 15100 орынға арналған заманауи 21 мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Жобаның жалпы құны 100 млрд теңге. Қызылорда қаласында 8, Арал ауданында 4, Қазалыда 2, Қармақшыда 2, Жалағашта 1, Сырдарияда 1, Шиеліде 1 және Жаңақорған ауданында 2 мектеп бой көтереді. Биыл 10 мектептің құрылысы басталады.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<