Әріптестік жөніндегі кеңес отырысы өтті

379

0

Шиелі ауданы әкімінің орынбасары, кеңес төрағасы Болат Ысмағұловтың төрағалығымен «Шиелі ауданы әкімдігі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл және әріптестік жөніндегі кеңес» отырысы өтті.

Кеңес отырысына кеңес мүшелері, кеңеске шақырылған дербес бөлім, мекеме басшылары, Ақмая, Жөлек, Талаптан ауылдық округ әкімдері, жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 4 мәселе қаралды.

Бірінші мәселе бойынша ауданда әлеуметтік қолдау бағытында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобаларды жүзеге асыру барысында туындаған проблемалық мәселелері және шешілу жолдары туралы аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің басшысы Ағыбай Рүстемұлының хабарламасы тыңдалды.

Екінші мәселе бойынша Ақмая, Жөлек, Талаптан ауылдық округтері әкімдерінің жергілікті қоғамдық ұйымдармен бірлесіп атқарған жұмыстары және алдағы жоспарлары туралы Ақмая ауылдық округінің әкімі Бағлан Сағындықовтың, Жөлек ауылдық округінің әкімі Меирбек Жолдасбековтің, Талаптан ауылдық округінің әкімі Хайдар Тәжиевтің хабарламалары тыңдалды.

Үшінші мәселе бойынша мемлекеттік бағдарламалар мен әлеуметтік жобалардың жастарға тиімділігі және алдағы жоспарлары туралы аудандық жастар ресурстық орталығы директорының міндетін атқарушы Ынтымақ Қаппаровтың хабарламасы тыңдалды.

Төртінші мәселе бойынша «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігінің 2022 жылы атқарған жұмыстары мен 2023 жылға алда тұрған міндеттері туралы «Тәжік-ауған шекарасындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері мен мүгедектері» Шиелі аудандық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Ғалымжан Байжановтың хабарламасы тыңдалды.

Күн тәртібінен тыс бесінші мәселе бойынша аудандағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында жүзеге асырылып жатқан әлеуметтік жобалардың 2022 жылы атқарылған жұмыстары және 2023 жылға алда тұрған міндеттері туралы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Жібек Орынбайқызы сөз алып баяндап берді.

Кеңес өту барысында баяндамашыларға кеңес мүшелері тарапынан өзекті сауалдар қойылып, ұсыныстар айтылды. Өз кезегінде хабарламашылар қойылған сұрақтар мен ұсыныстарға жан-жақты жауаптар берді.

Жиын соңында кеңес төрағасы күн тәртібінде қаралған мәселелерге сәйкес хаттама рәсімделіп, жауапты орындаушыларға жолданатынын жеткізді. Соған сәйкес жауапты орындаушылар тапсырмаларды мерзімінде орындап, кеңестің жұмыс органы «Шиелі аудандық ішкі саясат бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне мерзімінде беруді қатаң түрде тапсырды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<