Әскерде жемқорлыққа жол жоқ

944

0

Қызылорда гарнизонында санитарлық-эпидемиологиялық нормаларды сақтай отырып, сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында гарнизондағы әскери бөлімдер мен мекемелердің басшылық құрамымен іс-шара ұйымдастырылды.

Шараға гарнизондағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдылықтарды бақылау жөніндегі комиссияның төрағасы, подполковник Ербол Әбдірайым басшылық етті.

Жиынның негізгі мақсаты – гарнизонда елімізді қорғау саласына өз үлестерін қосып жүрген әскери қызметшілер арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу, заң бұзушылықтарға жол бермеу.

– Осындай жұмыстар арқылы заң бұзушылықтардың алдын алып, сыбайластық әрекеттерге жол бермеуіміз тиіс. Сыбайлас жемқорлық тәуекелін азайту және азаматтардың Қарулы Күштерге деген сенімін көтеру мақсатында жүргізіліп жатқан тиімді іс-әрекеттерге де көп көңіл бөлгеніміз абзал, – деді Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет ету жөніндегі аға офицері, әділет майоры Рүстем Жаймбаев.

Қарулы Күштер қатарындағы әскери қызметшілердің қатысуымен орын алған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы баяндады.

Осыдан соң өңірдегі мекеме және әскери бөлім басшылары өз баяндамаларын жасады. Қатысушы басшылық құрамға күзгі мерзімді әскери қызметке шақыру, кадрлық ауыс-түйіс кезіндегі олқылықтар, жол жүру ережелерін бұзған жағдайда полиция қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық әрекетке бармау, яғни, ақша немесе сыйлық ұсынбау және тұрғын-үй төлемдері бойынша атқарылатын жұмыстар кезіндегі сыбайластық әрекеттерге жол бермеу ережелері мен талаптары жеткізілді. Атқарылып жатқан барлық іс-әрекеттердің қатаң бақылауда екені түсіндірілді.

         Сөз кезегінде баяндамашылардың есебін тыңдап, комиссия отырысын қорытындылай келе, подполковник Ербол Әбдірайым еліміздегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты қолдауға шақырып, бөлім және мекеме басшыларына ауқымды тапсырмалар берді.

Мұхит Қонаров,

Қызылорда гарнизоны баспасөз

қызметінің бастығы лейтенант.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<