«Әскерге шақырылушы – 2024» облыстық сайысы өтті

551

0

Фото: Қазалы ауданы

Кеше Қазалы ауданында мектеп оқушылары арасында әскери-қолданбалы спорт түрлерінен «Әскерге шақырылушы – 2024» облыстық сайысы болып өтті.

Облыстық сайыстың мақсаты оқушылар арасында әскери-қолданбалы спорт түрлері арқылы салауатты өмір салтын қалыптастыру, оқушыларды ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке, патриоттыққа тәрбиелеу болып табылады. Аталған әскери сайысқа Жаңақорған, Шиелі, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы, Арал ауданы және Қызылорда қаласының командалары қатысты.

Облыстық әскери сайыстың нәтижесінде І орынды Қызылорда қаласы, ІІ орынды Жаңақорған ауданы, ІІІ орынды Арал ауданы командасы иеленді.

Сонымен қатар сайысқа қатысқан командалар мен төрешілерге Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының дипломдары табысталды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<