Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрлігінің Қызылорда қаласындағы әскери-техникалық мектебі 2023 жылдың алғашқы 19 тәрбиеленушілерін қабылдады.
Жас жауынгерлер алдағы бір айдан астам уақыт аралығында жоспарға сай тиісті жауынгерлік даярлықтарын шыңдап, әскери тәртіппен танысатын болады. Әскери теориялық жетілдірген білімдерін іс-тәжірибеде қолдануға да уақыттары жетерлік. Әскери ант қабылдау рәсіміне дейін арнайы оқу-жаттығу алаңында екі мәрте қарудан оқ атады.
Әскери-техникалық мектепте сарбаздарға әскери өмірдің қыр-сырын меңгеруіне мүмкіндіктер көп. Дәріс беретін мұғалімдердің білімі мен біліктілігі және курсанттармен жұмыс істеу тәжірибелері жоғары. Әскери мектеп оқытуды сапалы ұйымдастыру мақсатында қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
– Қысқа уақыт ішінде әскери өмірдің қыр-сырын толықтай меңгеру қиын. Бірақ, осы мүмкіншілігімді пайдалана отырып әскери тәртіп пен қару-жарақты дұрыс қолдануды үйреніп, жауынгерлік тапсырмаларды жоғары дәрежеде орындауға сенімдімін. Осы техникалық мектепті бітірген соң әскери салаға бет бұрсам деген мақсат та жоқ емес, – дейді әскери-техникалық мектебінің тәрбиеленушісі Азамат Жұматай.
«Атқыш» мамандығын меңгеріп шығатын түлектер еліміздің Қарулы Күштеріне қызмет етуге дайын.
Мұхит Қонаров,
Қызылорда гарнизоны
баспасөз қызметінің
бастығы, лейтенант
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<