Әскерилерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді

532

0

ҚР Қарулы Күштері әскери полиция органдарының негізгі іс-шаралар жоспарының «Әскерлер қызметі және әскери қызмет қауіпсіздігі» тармағында көрсетілген тапсырмаларды орындау үшін Қызылорда гарнизонында орналасқан әскери бөлімдер мен мекемелерінде «Қауіпсіз қыс» айлығы өткізілді.

ҚР ҚК Шымкент гарнизоны Әскери полиция бөлімінің Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің әскер қызметін ұйымдастыруды бақылау бөлімшесінің офицері бөлімдер мен мекемелерде қызметшілердің  жарақаттануына жол бермеу туралы айтты. Кезекшілік уақытында Жарғыға сәйкес қызмет атқаруға, қауіпсіздік ережелерін сақтауға, диверсияға қарсы және өткізу режимін сапалы ұйымдастыру бойынша  түсіндірме сабақтары мен алдын алу жұмыстары жүргізілді.   

Шахмұрат РШАУОВ,

Қызылорда гарнизонына қызмет көрсету жөніндегі әскери полиция бөлімшесінің офицері,

аға лейтенант

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<