Әуежайда әуе компания қызметкерін ұрған жолаушы жазаланды

599

0

Фото: ашық дереккөз

Астана әуежайындағы жанжал кезінде әуе компания қызметкерін ұрып-соғып, ұсақ бұзақылық жасаған жолаушы жазаланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі 2023 жылғы 25 ақпанда Астана әуежайындағы Желілік полиция бөліміне Fly Arystan әуекомпаниясының өкілдерінен Астана – Шымкент рейсі метеожағдайларға байланысты кешігіп жатқаны туралы хабарлама түскенін хабарлады.

– Осыған байланысты 20-ға жуық жолаушы әуекомпания өкілдеріне наразылық білдіре басталды. 2-терминалдың екінші қабатындағы қабылдау бөлмесінде тұрғанда жеке заттарын, сөмкелер мен пластикалық бөтелкелерді лақтырған, сонымен қатар ақпараттық бағаналар мен қоршау таспалары қиратылды, – деді ведомство.

Іс жүргізу барысында осы рейспен ұшқан астананың 27 жастағы тұрғыны анықталды.

Астаналық әйелге қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабының 1-бөлігі «Ұсақ бұзақылық» және 73-2-бабы «Ұрып соғу» бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылған.

Жағдайды қалыпқа келтіргеннен кейін осы рейстің жолаушылары сатып алған орнынан әуе билеттерін қайтара алады.

Еске салайық, Астана – Шымкент рейсінің жолаушылары рейстің тоқтауына байланысты Астана әуежайында жанжал шығарған еді.

Кейбір жолаушылар әуе компания өкілдерін ұрып, заттар лақтырған.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<