М.Әуезов атындағы Қазақ академиялық драма театрына «Ұлттық» мәртебесі берілді.
«Сүйінші хабар! Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы жарлығымен Әуезов театрына «Ұлттық« мәртебесі берілді. Енді М.Әуезов атындағы Қазақ Ұлттық академиялық драма театры атандық. Қазақ театрының қара шаңырағы – Әуезов театрының 95 жылдық тарихы бар. Театр өнерінің корифейлерінің ізі қалған өнер ұжымын бүгінгі жетістігімен шын жүректен құттықтаймыз!», делінген театрдың Instagram парақшасында жарияланған ақпаратта.
М.Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры – тұңғыш ұлттық мәдени-сахналық ұжым. 1925 жылдың соңында сол кездегі астанамыз Қызылордада ұйымдастырылды. Театр шымылдығы ресми түрде 1926 жылы 13 қаңтарда М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» трагедиясымен ашылды. 1929 жылы театр труппасы жаңа астана Алматыға қоныс аударды. 1937 жылы академиялық театр атағын алды. Ал 1961 жылы өнер ұжымына көрнекті жазушы-драматург М.Әуезов есімі берілген.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<