Әз-Наурыз – игіліктер бастауы

420

0

Фото: Қармақшы ауданының әкімдігі

Наурызнама онкүндігінің тоғызыншы күні – Жыл басы.

«Жыл басы» – халқымыздың салт-дәстүрі мен құндылықтарын тағы бір жаңғыртып, тарихтың жаңа бетін ашуға шабыттандыратын күн.

Бүгін Дауылкөл ауылдық округінде Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесіне арналған мерекелік шара өткізілді.

Шараға аудан әкімі Жандос Еркінбек, аудандық мәслихат төрағасы Әділ Қошалақов, аудандық ардагерлер төрағасы Асқар Мереков пен ел ағалары қатысты.

«Наурыз – халқымыздың болмысы, ырысы мен бірлігі, өнері мен мәдениеті. Ұлыстың Ұлы күнінде адамдар бір-біріне деген өкпе-ренішін ұмытып, кешірімге келіп, татуласқан. Мол дастарқан басында ақжарқын көңілмен жүздесіп, жеті түрлі дәмнен тұратын наурызкөжеден дәм татқан. Бүгінде ежелгі мейрам біздің жаңарған қоғаммен үйлесім тауып, достық пен келісімді нығайтуда маңызды рөлге ие болды», – деді Жандос Еркінбекұлы.

Шара барысында аудан басшысы «Тұрмағамбет» шаруа қожалығының ұжымына облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың құттықтауын табыстады және өз атынан шаруашылықтың бірқатар қызметкерлері мен ауылдың белсенді тұрғындарын марапаттады.

Ақ дастархан жайылып, тұс-тұстан киіз үйлер тігілді. Ақсақалдар бата беріп, ізгі-тілектерін жеткізді. Ұлттық тағамдар әзірленіп, ұлттық ойындардан түрлі сайыстар өткізіліп, қазақ халқының құндылықтары кеңінен насихатталды.

Ауыл халқы бір кісідей жұмылып, жаңа кезеңнің бастауы болған әз-Наурыз мерекесін бірге атап өтті.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<