Агенттік төрағасын қабылдады

489

0

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Марат Омаровты қабылдады.

Президент Агенттік жүргізіп жатқан монополияға қарсы тергеу жұмыстары туралы есепті тыңдады. Жыл басынан бері бәсекелестікті қорғау заңнамасын бұзу белгілері бар 293 хабарлама берілген, оның 78 пайызы өз еркімен орындалды.

Марат Омаровтың мәліметінше, Агенттік жұмысындағы стратегиялық бағыттар – бәсекелестікті дамыту және қорғау бойынша тиімді жұмысты қамтамасыз ету, өндірістің негізгі факторларының кәсіпкерлік субъектілеріне теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз ету, жеке бастаманы қолдау және бәсекелестік алаңын фаворитизмнен тазарту. 

Мемлекет басшысына Жолдауда айтылған, соның ішінде бірыңғай операторларды қысқарту және конгломераттардың қызметін реттеу бөлігінде берілген тапсырмаларын жүзеге асыру жоспарлары туралы баяндалды. Агенттік мемлекеттік қолдау шараларының теңдей қолжетімді болуын қамтамасыз етуге, экономикадағы жеке кәсіпкерліктің үлесін арттыруға, экономиканың негізгі салаларында бәсекелестікті дамыту жұмысына ерекше көңіл бөледі.

Кездесу соңында Президент Агентік басшысына бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Қытай Төрағасы Қазақстанға келеді

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 14 қыркүйек күні елімізге Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин мемлекеттік сапармен келеді. Бұл туралы ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап хабарлады.

Қазақстан мен Қытай басшылары қазақ-қытай стратегиялық серіктестігін жан-жақты нығайтудың перспективаларын талқылайды. Келіссөздерден кейін бірқатар екіжақты құжатқа қол қою жоспарланып отыр.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<