Ағзаны вирустан қорғайды

922

0

Қазір елімізде коронавирусқа қарсы ревакцинациялау науқаны белсенді түрде жүргізілуде. Осы жұмыстардың арқасында қоғамда ұжымдық иммунитет қалыптасып, коронавирусты жұқтырушылар саны азайып келеді. Індеттің ілмегіне ілінбеудің бірден-бір амалы екпе салдыру болғандықтан, алғашқылардың бірі болып ревакцинациялаудан өттім. Үшінші компонентін салдырғаннан кейін өзімді жақсы сезіндім. Бұл доза адам ағзасында вирусқа қарсы иммунитетті нығайтып, денсаулықты күшейтуге мүмкіндік береді. Медицина маманы ретінде айтарым, ревакцинация әсіресе егде жастағы кісілер мен бұрын коронавируспен ауырғандар үшін өте тиімді. Сондықтан екпе салдыруға асығайық!

Жанерке АСЫЛБЕКОВА,

облыстық психикалық денсаулық орталығының дәрігері

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<