Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева журналистердің мәртебесін заңнамалық тұрғыда көтеруді ұсынған сенатор Нұртөре Жүсіптің бастамасын қолдады, деп жазады Egemen.kz.
Оның айтуынша, журналист мәртебесін анықтайтын нақты өлшемдерді әзірлеу қажет.
«Журналистерге жеңілдіктер мен әлеуметтік кепілдіктер, соның ішінде субсидияланған тұрғын үй алуға құқық берілуі керек. Алайда журналистер мемлекеттік қызметкер, бюджет қызметкері немесе азаматтық қызметші болмауы тиіс», деді Балаева.
Ол барлық мәселелер бұқаралық коммуникация туралы жаңа заң жобасы аясында қаралып жатқанын түсіндірді.
«Заң жобасын барлық мүдделі тараптар талқылай алады», деп қорытындылады министр.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<