Ай бойы жауын жауады

315

0

сурет ашық дереккөзден

Аймақта қаңтар айында ауа райының орташа температурасы күндіз -3, -10 градусқа дейін төмендейді. Секундына 15-20 метр жел күшейеді. Екінші онкүндіктің аяғында ауа температурасы аздап жоғарылайды. Ал үшінші онкүндікте +2 градустан +12 градусқа жетеді. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК облыс бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

– Алдағы күндері облыста жауын-шашынды ауа райы сақталады. Қыс мезгілі болғанына қарамастан, қаңтарда жауын-шашынның айлық мөлшері нормадан көп. Ауа температурасына келсек, түнде -3 градустан -15 градусқа дейін төмендеуі күтіледі. Нақтырақ айтсақ, бірінші онкүндіктің аяғы жауын-шашынды болады. Екінші онкүндіктің басында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болуы ықтимал. Ал үшінші онкүндікте қалың тұман түседі. Әсіресе, солтүстіктегі аудандарда боран соғып, қатты аяз болмақ, – деді ол.

Маманның айтуынша, Қазақстанның басым бөлігіне атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты осы тұрақсыз ауа райы сақталады. Қаңтар айының соңына дейін жалғасатын жауын-шашын (аз мөлшерде қар) мен екпінді жел ақпанда да қайталануы мүмкін.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<