Қызылорда облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің №60 мемлекеттік мекемесінінде жазасын өтеп жатқан азаматпен ұзақ мерзімді кездесу мақсатында келген сотталғанның жақындары әкелген сәлем-сауқатты мекеме қызметкерлері тексеру барысында қыстық қос аяқ киімнің ішінен өзіне тән хош иісі бар шөп тектес зат табылды.
Оқиға мекеме басшысына баяндалып, Қызылорда қалалық полиция басқармасының жедел тергеу тобы шақырылды. Тәркіленген зат бойынша сот сараптама жұмыстары тағайындалып, нәтижесінде салмағы 61,61 грамм кептірілген марихуана екені анықталды.
Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы ҚК-нің 297-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде.
Қызылорда облысы бойынша ҚАЖД
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<