АЭС: ғылымның дамуына серпін беретін тың жоба болмақ

442

0

Фото: ашық дереккөз

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде атом электр станциясы туралы қоғамдық талқылау жұмыстары жалғасын тапты. Штаб мүшелері Студенттер сарайында Жаратылыстану институтының білім алушыларымен кездесіп, АЭС құрылысы туралы түсіндірді.

Кездесуде Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, PhD ғалым Нұрлан Амангелді және Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Әбілтайқызы баяндама жасады. Спикерлердің айтуынша, атом электр станциясы экономиканың, өнеркәсіптің, білімнің, ғылымның дамуына тың серпін беретін аса маңызды жоба болмақ.

Сондай-ақ, шетелдерде салынып жатқан атом электр станциялары жайлы ақпарат беріліп, елімізде де осындай жобаны жүзеге асыру туралы ақпарат талқыланды.

Еліміздегі АЭС құрылысына қызығушылық танытқан төрт шетелдік компания: “Rosatom”, “EDF”, “KHNP”,және “CNNC”-тің жобаны жүзеге асыруға қатысу мүмкіндігі сөз болды.

Қатысушылар өз ойларын айтып, белсенділік танытты. Айта кетейік, 6 қазан күні елімізде жалпыұлттық референдум өтеді. Онда халықтың дауыс беруі арқылы АЭС салу мәселесі толық шешімін табады деп күтілуде.

АЭС: ғылымның дамуына серпін беретін тың жоба болмақ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<