Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде атом энергетикасы саласындағы маңызды тақырыптарға арналған түсіндірме жұмысы ұйымдастырылды. Кездесуге “Қазақстан Республикасы ұлттық ядролық орталығы» РМК Атом энергиясы институтының ядролық қауіпсіздік және ядролық энергетика бөлімінің басшысы Виталий Поспелов және Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің доценті, PhD ғалым Нұрлан Амангелді және Ғылыми жұмыстар және халықаралық байланыстар жөніндегі проректор Майнұр Әбілтайқызы қатысты.
Ғалымдар атом энергетикасының маңыздылығы, ядролық физика саласындағы жаңа зерттеулер мен технологиялар, сондай-ақ экологиялық және энергетикалық қауіпсіздік мәселелері туралы баяндама жасады. Сонымен қатар оқытушылар мен білім алушылар атом электр станцияларының қауіпсіздігі, ядролық энергияны пайдалану және жаңа технологиялар туралы өзекті мәселелерді талқылады.
Мұндай кездесулер жас ғалымдардың зерттеулеріне жаңа серпін
беріп, атом энергетикасы мен ядролық физика саласына қызығушылықтарын арттырады.
Жиын барысында қатысушылар сала мамандарына өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ядролық энергия саласындағы жаңа бастамалар мен болашақ мүмкіндіктер туралы пікір алмасты.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<