Аймақ абыройын асқақтатты

558

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Ауыл шаруашылығы – өңір экономикасының маңызды салаларының бірі. Жыл сайын бұл саланың қарқынды дамуына мемлекет тарапынан көптеген қолдау көрсетілуде. Тиісінше, нәтиже де көңіл көншітеді. Биыл ауыл шаруашылығы үшін су тапшылығына қарамастан жемісті жыл болды. Оған негіз де бар. Облысқа белгілі меценат, «Таң» ЛТД ЖШС басшысы Имамзада Шағыртаевтың Қазақстанның Еңбек Ері атануы, сондай-ақ «Абай – Дәулет» ЖШС басшысы Марат Сәрсенбаевтың «Парыз» сыйлығының Гран-При иегері атануы ауыл шаруашылығы саласы үшін үлкен жеңіс болды. Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында Имамзада Шағыртаев пен Мұрат Сәрсенбаев, сондай-ақ ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев келіп, жыл бойы атқарылған жұмыстарға қорытынды жасады.

  • Әрине, Еңбек Ері атағы жалғыз менің ғана емес, елдің жеңісі деп білемін. Еңбектің ескерілгені көңіл қуантады. Барша Сыр жұртшылығына ризашылығымды білдіремін. Ақ күріштің отаны болған Сыр елі қашан да еңбекқор диханшыларымен мақтанады. Ала жаздай егістік басында тірлік еткен шаруалар қамбаны өнімге толтырып, облыстың аграрлық саласына өз үлесін қосты. Алдағы жылы да толағай табыстарға толы жыл болады деп сенемін, – деді Имамзада Қуанышбайұлы.

Абай – Дәулет» ЖШС облыстаға беделді кәсіпорындардың бірі. Биыл бұл кәсіпорын күріштен бөлек, мал және құс шаруашылығын қолға алып, жемісті тірлік етті. Кәсіпорын басшысы Мұрат Сәрсенбаев брифинг барысында алдағы жоспарларымен бөлісті.

  • Біз осы кәсібіміз арқылы бағытымызды бағдарладық, жұмысымызды жүйеледік. Соның арқасында Елорда төрінде Мемлекет басшысының қолынан жүлде алдық. Бұл біздің кәсіпорынның ғана емес, жерлестеріміздің ортақ жеңісі. Біздің кәсіпорын тек күріш өсірумен ғана емес, құс және мал шаруашылығын қолға алды. Келер жылы кәсіпорынды дамыту және облыстың ауыл шаруашылығы саласын дамыту жолында тың жобаларды іске асырмақшымыз,- деді меценат Мұрат Сәрсенбаев.

Бүгінде ауыл шаруашылығы саласы 211,7 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім көрсеткіші 2,5%-ға артса, негізгі қорға 10,0 млрд теңге инвестиция салынды. Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Талғат Дүйсебаев саладағы соны серпілісті сөз етіп, қорытынды жасады.

Бүгінгі күні 406 жоба бойынша 33 кооператив және 373 жеке кәсіпкерлерге несие берілді. Өңірдің ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту мақсатында 2023-2026 жылдары іске асырылатын инвестициялық жобалардың жол картасы бекітілді. Имамзада Шағыртаев пен Мұрат Сәрсенбаевтың толағай табысына тамам ел куә болды. Бүгінде осындай көрсеткіштерге қол жеткізіп, ауыл шаруашылығы саласының дамуына өз үлестерін қосып жүрген еңбеккерлердің еңбегі орасан зор, – деді Талғат Тұрсынұлы.

@Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<