Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев «Петро Қазақстан Құмкөл Ресорсиз» АҚ Президенті Ян Миньюй, Басқарма төрағасы Чжао Сяомин және стратегиялық коммуникациялар бойынша вице-президенті Есен Қайыржанмен кездесіп, өңірдегі мұнай-газ саласын дамыту мәселелерін талқылады.
Аймақ басшысы мұнай қорын толықтыру, газ өндіру саласын әрі қарай дамыту және еңбек қатынасын реттеу барысын саралады. Сондай-ақ Қызылорда қаласында жазғы демалыс лагерінің құрылысын салуды ұсынды.
Өз кезегінде, компания басшылары аталған мәселелер мұқият зерттеліп, ықтимал шешу жолдары ұсынылатынын жеткізді.
![](https://syrboyi.kz/wp-content/uploads/2023/06/802-1024x661.jpg)
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<