Аймақ басшысының алғысы

181

0

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов, Қызылорда қаласының әкімі Нұржан Ахатов және жауапты сала басшылары «Қызылорда тазалығы», «Жасыл Қызылорда», «Қызылорда автобус паркі» мен «Қызылордажылу-электр орталығы» мекемелеріне барды.  Мерекеге орай коммуналдық қызметтердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз еткен жұмысшыларға аймақ басшысының Алғыс хаты табысталды.

– Баршаңызды Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, күндіз-түні тазалық сақтауға аянбай атсалысып келесіздер.

Қала халқының тыныс-тіршілігіндегі қалыптасқан ырғақ бұзылмау үшін жолаушылар тасымалы, коммуналдық қызмет көрсету саласы қызметкерлері уақытпен санаспай еңбек етеді. Тұрғындарды діттеген жеріне жеткізіп, әр үйді жарықпен, жылумен қамтамасыз етеді.

Сіздер, жұртшылыққа жайлылық, елге қуат, жанға шуақ сыйлап келесіздер. Тұрмыс-тіршілігіміздегі аса маңызды салалардың дамуына қосқан үлестеріңіз үшін аймақ басшысының  алғысын жеткізуге арнайы келдім, – деді Шахмардан Байманов.