Аймақ басшысының құттықтауын жеткізді

685

0

Нәзіктік пен сұлулықтың символы саналатын, көктемнің шуақты мерекесі 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов ғасыр жасаған аналардың отбасыларына барып, аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлы Нәлібаевтың ыстық ықыласы мен мерекелік сый – сияпатын жеткізді.

Аймақ басшысының құттықтауын жеткізді

Еліміздің толағай табыстары мен Сыр өлкесінің қол жеткен жетістіктерінің барлығында бір қолымен бесік, екінші қолымен әлемді тербеткен аналардың еңбегі зор. Кездесулер барысында ақ жаулықты аналар құрмет көрсеткен аймақ басшысына ризашылығын білдіріп, баталарын берді.

Айта кету керек, қасиетті Жер-ана бусанып, күн шуағына бөленетін көктемнің көрікті мерекесінде аталған шаралар аймақ бойынша жалғасын тауып, аудан әкімдері арқылы жүзеге асырылуда.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<