Аймақта 15 көппәтерлі тұрғын үй жаңартылды

471

0

Сурет: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазіргі таңда, Сыр шаһарында күрделі жөндеуді талап ететін кондоминиум объектілерінің үлесі төмендеді. 2011 жылғы 800 үйден 550 үйге азайды. Сондай-ақ, «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында облыс бойынша 15 көппәтерлі тұрғын үй күрделі жөндеуден өтті. Көптің көкейіндегі тұрғын-үйге қатысты сауалдарға Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық энергитика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық басқарма басшысы Болатбек Ысмағұлов тарқатты.

– 2023 жылға республикалық бюджеттен 18 көппәтерлі тұрғын үйді жөндеуге 862,4 миллион теңге қаржы бөлінді. Қызылорда қаласында 11 үй, Қазалы ауданында 4 үй, Жаңақорған ауданы 2 үй. Сонымен қатар, құрылысшылардың қолдауымен облыс орталығында 28 ескі көпқабатты тұрғын үйдің қасбеттері заманауи панелдермен жаңартылды.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<