Аймақта аутсорсинг қызметі дамуда

490

0

Фото: Өңірлік коммуникациялар қызметі

Қазақта «екі қолға – бір күрек» табылар деген мәтел бар. Алайда бүгінде ерекше кәсіп бастаймын деген жандарға мемлекеттен қайтарымсыз қаржы да табылады.

Себебі, Мемлекет басшысының тапсырмасымен елімізде кәсіпкерлік саласын жандыруға қолдау жетерлік. Соның біріне ие болған қызылордалық кәсіпкер Алмас Дәулетәли былтыр 5 млн теңгеге қайтарымсыз грант жеңіп алып, «Дары природы» атты жеке кәсібін қолға алды. Бұл қаржыға кәсіпкер арнайы құрылғылар сатып алып, шай, кофе және басқа да дайын өнімдердің қорапшасын ерекше дизайндық үлгімен әзірлейді.

Қазіргі таңда, екі-үш компаниямен арнайы келісімге отырып, 26 өнім қорапшасын шығаруда. Алдағы уақытта да кәсіпкер қолға алған ісін одан әрі жандыруды көздеп отыр. Сондай-ақ, кәсіпорнын кеңейтуді де жоспарлауда. Қысқасы, жас кәсіпкер әлемде қолданысқа ие аутсорсинг қызметін көрсетеді.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<