Аймақтың бас дәрігері жанашырлықпен жұмыс істеуді тапсырды

639

0

Көпбейінді облыстық аурухананың мәжіліс залында залында облыс әкімінің орынбасары Нұрымбет Сақтағанов, облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Искаков және медицина ұйымдары бас дәрігерлерінің қатысуымен денсаулық сақтау саласының 2023 жылдың І тоқсанын қорытындылау бойынша Алқа отырысы өтті.

Қорытынды жиналыстың күн тәртібінде
«Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың І тоқсанының қорытындысына сәйкес, индикаторлық көрсеткіштер, өтініштер және ана мен бала өлімі фактілері бойынша талдамалық есеп, 2022-2023 жыл І тоқсанында көрсетілген консультативтік-диагностикалық қызметтер қаржыларын игерудегі сәйкессіздіктер, көпбейінді Байқоңыр қалалық ауруханасының жұмысын талдау, облыс көлемінде жүргізілген екпе жұмыстарының барысы, оның ішінде вирустық гепатит А және қызылшаға қарсы екпелер туралы және БМСК ұйымдарының рейтінгісі қаралды.

Сондай-ақ жиында бас дәрігерлер өздері басқарып отырған мекеме жайын да баяндай отырып, шешімін таппай жүрген мәселелерін де айтып өтті. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Олжас Ермекұлы баяндамашыларды мұқият тыңдап, мәселелердің шешімін табуына ықпал жасайтынын айтты.

Жиын соңында алқа мүшелерінің пікірлері мен ұсыныстары қабылданып, басқарма басшысы бас дәрігерлерге салаға жанашырлықпен қызмет ету керегін айта келе, бірқатар нақты тапсырмалар берді.

Аймақтың бас дәрігері жанашырлықпен жұмыс істеуді тапсырды

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<