Айналаның келбеті – тұрғындар айнасы

543

0

Өткен сенбіде дүниежүзілік «WORLD СLEANUP DAY – 2022» тазалық акциясы еліміз бойынша бір уақытта басталды. Ауқымды шара Арал ауданында да жалғасын тапты.

Сенбілікте аудан әкімі Серік Сермағамбетов сегіз секторға бөлінген қала аумағын аралап, жүргізіліп жатқан жұмыстарды бақылап шықты. Жауапты сектор басшыларына әрбір тұрғын үйге түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, тұрмыстық қалдықтар бойынша жұмысты жүйелі үйлестіруді тапсырды.

Туған қаланы таза ұстау – тек мемлекеттік мекемелердің ғана емес, барша тұрғындардың ортақ ісі.

– Айналамыздың тазалығына, табиғаттың бүлінбеуіне, қаламыздың көрікті болуына біркісідей атсалысуымыз керек. Бұл жерде біз өзіміз, отбасымыз бен жақын-жуығымыз өмір сүреміз. Әрбіріміз жанашырлықпен қараған жағдайда ғана қаламыз таза болады, – деді аудан басшысы.

Сенбілікте Б.Майлин көшесінің бүлдіршіндері өз аулаларына әрдайым тазалық жұмыстарын жүргізетінін айтты. Аудан басшысы тазалық мәдениетін сақтап, тұрғын үй аумағын қоқыстан тазартып жүрген балаларға алғысын білдірді.

Сенбілікте 6 арнайы техника қоқысты тиісті орындарға шығарды.

Ж.АЙДАРБЕКҰЛЫ

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<