SOUL* Тәнің емес жаның ауырып көрді ме? Жан дүниең жаурады ма, мұздақтай? Біліп тұрып тырналғанын жараңның... Күліп тұрып көрдіңіз бе, міз бақпай?! Айналдыңба өп-өтірік мықтыға? Сүртіп тастап, көзіңдегі шықты да. Іштей шыдап, шымбайыңа тигенде Шыбын жаның шықты ма? Жан' дегенің сездіртпейді мекенін, Қай тұсында жүрек, бауыр, шекенің? Жан жақының жара салып кеткенде Сезіндіңбе, қай жағыңда екенін? Тәнің емес.... Дәл осылай жаның ауырып көрді ме? Қажет етпей, емшіні де, емді де! Жан ұшыра жан тыныштық іздейтін... Жан досым-ау, жан дауасы енді не? Ал сенің ше? Жаның ауырып көрді ме?! *соңғы өлең *** Өкшелейді естелігі өткеннің, Осы бізде өкпешіл кім?өктем кім? Мен өзіңді тым қаттырақ ұнатсам Дəл осылай жек көрдім. Сен басқаға,мен біреуге ұнармын, Қатал дерсің,қатыгез де шығармын, Түн батарда саған арнап оқитын Сол дұғамнан шығардым. Бар ойымнан сені алыс етпекпін, Өз түбіме өзім бəлкім жетпекпін, Біреу мақтап,біреу даттап жүретін Бұл өлеңнен шеттеттім. Өлшеуі ме,өлшемі ме өшімнің, Бар санамды басқа тұсқа көшірдім. Күндіз-түні тапжылмастан тыңдайтын Ол əуенді өшірдім. Мен өзімше əжептəуір оңалдым, Қайран жүрек жарты жолда тоналдың. Сен өзіңше ішіп,шайқап жүретін Өміріңнен жоғалдым. Сенім берер,сенсіз жүрер жол таптым, Тартынамын,үйренемғой.. қорқақпын. Бəрін қойшы, Анашыма' сен жайлы Сыр айтуды тоқтаттым! Ол жайлы мəлімет Ол – Ақын. Өлеңі: өмірі кей жанның. Көшесі: сыйластық құратын, Тұрағы: Беймəлім. Ол – Ақын. Ауылы: алыстау бұл маңнан, Мендік жан,бірақта ұрланған. Түстері: қара мен қорқыныш Тəңірдің сынынан шыңдалған. Ол – Ақын. Жүрегі: айтса адам сенгісіз, Сенбейтін шығарсыз енді сіз! Сипаттау қолымнан келмейді.. Музасы: Белгісіз! Ол – Ақын. Мінезі: Тым бөлек тəкаппар, Ол үшін көк тиын атақтар! Ғашығы: кірпияз кітабы Ол үшін бір ғана атақ бар. Ол – Ақын. Құдайы: беймəлім көктегі, Ұдайы қинайды тек мені. Əлемі: бөлектеу.... Ауасы: Өлеңді оттегі. Ол – Ақын. Жаратылысы: Пенде де,періште емес, Мекені: жерде де, пейіште емес, Оған ғашық жүрегім Ешкіммен бөліспек емес! *** Бар арманың арманымнан биік тұр, Ештеңемен ақталмайтын күйік бұл. Жүрегіме тілегіңмен əмір ет, -Не айтасыз, Сүйікті ұл?! Өзіңізбен өтпеседе тойымыз, Басқа жанда бола берсін ойыңыз. Ұмытпай-ақ жүре берем жыр жазып, -Жылытпай-ақ қойыңыз! Таңдап алған тағдырыма тимеңдер, Дəлел етіп,уақытым жоқ күйбеңдер. Ескі таныс есіңе сап, бір күні: -"Бұрын сені сүйген" дер! Жүрегіме қоя алмады ақыл шек, Ал əзірге, құдыретім, атың тек. Келер ұрпақ танысыншы тек мені... -Саған ғашық ақын деп! Бар арманың арманымнан биік тұр, Ештеңемен ақталмайтын күйік бұл. Жүрегіме тілегіңмен əмір ет, -Не айтасыз, Сүйікті ұл?! *** Сен мендегі... Демім, Дауыл, Құйын, Құт, Сен жердегі... Ең сүйкімді-Қиындық! Сен мендегі... Ашу, Ыза, Төзім, Кек, Сен жердегі... Аппақ мұңым-Ақ үрпек! Сен мендегі... Сабыр, Сенім, Сезім, Мұң, Сен жердегі... Қарашығы-көзімнің! Сен мендегі... Өлең, Өнер, Өмір, Сын, Сен мендегі... Ең əдемі-Өлімсің!! Қара түс Қара бояу. Қара қалам. Қара түнде жүк артты. Қаламына қара сия құйып ап, Сенің еркең қара түске құмартты. Қара нүкте. Қара сия. Қара түн. Қара мезгіл,қара сурет салатын. Үрейленіп, Білмегенсіп қарама! Қанмен келген қара түс бар... Өн бойыма баратын. Қара дəптер. Қара қойма. Қара жүк. Ой қоймамда отырамын адасып! Ерек тылсым, Бөлек бір сын, Ақпен ғана үйлескен... Мөлдірейді қара' шық! Қара өлең. Қара бала' баяғы. О, Құдырет, құпиямды жаба түс! Сені маған, ақ Тəңірім бергенмен.. Мені саған еліктірген қара түс! *** Қуыс бөлме. Тар болсада əйбəт өлең құрайды. Тағы сенсіз өткеремін бұл айды, Өзің жайлы ойларымды естісең... Қабырғалар жылайды. Қағаз-қалам ие бермей бұлқынар, Сендей Муза,сендей адам бір туар, Өзің жайлы жырларымды естісең... Терезелер жұлқынар. Кеш қарайса,бар төзімім сенделер, Айкезбе қыз, ауыр мұңнан емделер, Өзің жайлы түстерімді сұрасаң... Тына қалар перделер. Біреу жылап,біреу күліп пай-пайлар! Жыр-дəптерде ашынатын айқай бар, Өзің жайлы мəліметті іздесең.... Кітап сөрем айқайлар. Сыртта не бар? Естімеймін керең дер, Қуыс бөлме.Қырсық қызды елеңдер, Өзің жайлы ой кезбемді сұрасаң.. Сықырлайды едендер. Бөлме іші, сенің ғана есімің, Қирап жатыр. Сенің ғана кесірің. Өзің жайлы білгің келсе,қағып көр... Мұң айтады есігім. Тас төбемнен жаңбыр құяр тамшылап, Жатқаным жоқ,жалбарынып жан сұрап. Өзің жайлы үмітімді сұрасаң.... Жанып-сөнер шам шырақ. Тəкаппарсың,жерге түспе айға бар, Сені жерге қондыратын айла бар. Сенен өзге біреу бар ма, қарап көр Сені ғана көрсетеді айналар.
Айнаш БӨЛЕКБАЙ
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<