*сурет ашық дереккөзден алынды
Мексиканың Гвадалахара қаласында өткен ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы Әлем чемпионатында Айсамал Сансызбаева күміс жүлдегер атанды.
Айсамал Сансызбаева (87 келіден жоғары) қоссайыс қорытындысы бойынша 250 келіні бағындырды. Жұлқа көтеруде 107, серпуде 143 келіні еңсерді. Нәтижесінде жұлқа көтеруден кіші күміс, серпуде кіші алтынды еншіледі.
Айсамал 2003 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Қазірге дейін ол жастар және жасөспірімдер арасында Азия және ел біріншілігінде жүлдегерлер қатарынан көрініп жүр. Облыс орталығындағы Жалаңтөс баһадүр атындағы олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжінде білім алған. Бапкерлері – Арман Абдраев, Нұрсұлтан Бахрадин, Мұхаммед Тұрысбеков.
Еліміздің жасөспірімдер құрамасы Мексикадағы Әлем чемпионатын 1 алтын, 1 күміс медальмен аяқтап отыр. Бұған дейін Едіге Егемберді жеңіс тұғырынан көрінді.
Әлемнің 44 елінен 229 қатысушы жиналған жаһандық додада ел намысын бес спортшы қорғады.
«СБ» ақпарат
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<