Биыл ҚР БҒМ қолдауымен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда университетінің базасында «Химия, жасыл технологиялар, жаңартылатын энергия көздері, педагогикалық және іргелес ғылымдар ғылыми-инновациялық орталығы» атты академиялық артықшылық орталығы ашылды. Бұл туралы университеттің Басқарма Төрағасы-Ректоры Бейбіткүл Кәрімова халыққа есеп беру кездесуінде айтылды.
Мұнда 2024 жылға дейін жалпы құны 4 млрд теңгені құрайтын 8 заманауи зертхана іске қосылмақ.
Орталықтың басты идеясы – білім, ғылым, өндірісті интеграциялау арқылы сапалы кадрлар даярлау.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<