Академиялық жазбалар бойынша семинар ұйымдастырылды

1481

0

Академиялық жазбалар – зерттеушілердің өз пәндерінің зияткерлік шекараларын және белгілі бір білім салаларын анықтау үшін қолданатын ерекше стилі. Академиялық жазудың сипаттамаларына үшінші тұлғаның көзқарасын қолдану, зерттелетін мәселеге нақты назар аудару және сөздерді дәл таңдау жатады. Ол ғалымдар мен сарапшылар тобына күрделі идеялар мен тұжырымдамалардың келісілген мағынасын жеткізуге арналған.Сонымен қатар, академиялық жазбалар нақты, қысқа, бағытталған, құрылымдалған және дәлелді жұмыс болып табылады. Оның мақсатына оқырманның мәселені түсінуге көмектесу жатады. Академиялық жазбалар үшін зерттеу әдістерін білу өте маңызды.

Қызылорда «Болашақ» университетінде «Рухани жаңғыру: қоғамдық сана мен тарихи сананы жаңғырту» пәні аясында академиялық жазбалар жазуды үйрену бойынша семинар сабақ өткізілді. Семинарда ғылыми мақалалардағы талдау әдістерінің құпияларына ерекше назар аударылды. Жалпы ғылыми әдіснама, философиялық әдіснама және зерттеулердің жиынтықталған әдіснамасы қарастырылды. Талдаудың маңызды ғылыми әдістері ретінде контент талдау, ивент талдау, мониторинг, құрылымдық-логикалық модель, салыстырмалы талдау, нарративті талдаумен тарихи талдау айтылды.

Өткізілген семинардан кейін Қызылорда «Болашақ» университетінің студенттері ресейлік «Молодой ученый» журналының арнайы нөмірі үшін ғылыми мақалалар дайындауы қажет. Семинарға «Педагогика және психология» (топ басшысы: Аяжан Тулеубай), «Қазақ тілі мен әдебиеті» (топ басшысы: Қарлығаш Айтбаева), «Дефектология» (топ басшысы: Айжамал Мұратқызы)және «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (топ басшысы: Аякөз Мұхамеджан) мамандығының 2 курс студенттері белсенді түрде қатысты. Аталған семинардың өткізуге бастамашы және жүргізушісі пән оқытушысы, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, «Болашақ» Ғылыми-зерттеу институтының директоры Мұрат Насимов болды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<