Академиялық тазалық мәселесіне арналған біріңғай оқу сағаттары өткізілді

526

0

Академиялық тазалық мәселесіне арналған біріңғай оқу сағаттары өткізілді Кеше Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің желілік кестесіне сәйкес, 9 желтоқсан – Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне орай облыстың барлық жоғары оқу орындарында, колледждерде және орта мектептерде профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттердің, ұстаздар мен жоғары сынып оқушыларының қатысуымен академиялық тазалық мәселесіне арналған біріңғай оқу сағаттары өткізілді.
Іс–шарада сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманың негізгі ережелері, оларды қалыптастыру мен дамытудың негізгі кезеңдері және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жайлы сөз қозғалды.
Өткізілген біріңғай сағат жергілікті телеарналар мен ғаламтор желісі арқылы тікелей эфирде жүргізілді.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<