Халық арасында құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында облыстық полиция департаментімен шілде айының 19 –20 күндері аралығында «Жолда қабылдау» акциясы өткізіледі.
Облыс тұрғындарымен кездесуде департамент бастығының орынбасарлары, жергілікті полиция қызметі, әкімшілік полиция басқармасы, тіркеу-емтихан қабылдау және жол-техникалық инспекция бөлімшелерінің басшылары арнайы автобустарда халықты жеке қабылдайды.
Акция барасында халыққа ішкі істер органдары көрсететін мемлекеттік қызметтерді алу кезінде кәсіпкерлер мен тұрғындар үшін шығындарды қысқарту бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы, сондай-ақ онлайн режимінде айыппұлды қарау және төлеу, полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері мен шешімдеріне шағымдану тәртібі туралы құқықтық кеңестер беріледі.
«Жолда қабылдау» акциясы облыстың барлық аудандарында және облыс орталығында өткізіледі. Атап айтқанда:
1.Қызылорда қаласы–Орталық алаң «Нұр Отан» ғимаратының алдында, Қорқыт ата көшесінің бойында «Жаңа базар» сауда орталығының алдында;
2.Арал қаласы – «Қанағат базары» Қызылорда көшесі;
3.Қазалы ауданы – «Орталық алаң» Қ.Пірімов көшесі;
4.Қармақшы ауданы – «Темір жол вокзалы» Железнодорожная көшесі;
5.Жалағаш ауданы – «Аманкелді көшесі, Байтерек базары жанында»;
6.Сырдария ауданы – «Арзан базар» Аманкелді көшесі;
7.Шиелі ауданы – «Жадыра» сауда үйінің қасында Сейфуллин көшесі;
8.Жаңақорған ауданы – «Нұрасыл сауда үйі» Аманкелді көшесі.
9. Байқоңыр қаласы–Ақай мен Төретам кенттерінің орталық алаңдары.
Аталған шара сағат 08:00-ден сағат 18:00-ге дейін жалғасады. 19–20 шілде аралығында (8-72-42)30-50-30, 30-41-32 телефондар бойынша «жедел желі» жұмыс жасайтын болады.
Қызылорда облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<