Отандық танымыл тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы өзі қатысқан ерекше тұсаукесер тойы туралы айтып берді. Өнер иесінің сөзінше, кішкентай қыздың тұсауын бір өзі ғана емес, жеті келіншек болып кескен, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Ләйлә Сұлтанқызы мұндай форматтағы тұсаукесерге алғаш қатысқан. Тележүргізуші ерекше тойдан алған әсерін Instagram парақшасында жеткізіп, ала жіпті неге бірден жеті келіншек кескенін түсіндірді. «Жан Мұқанов – 7 баланың әкесі, белгілі продюсер, менің досым. Былтыр көкек айында әйелі екеуі кенже қыздарының тұсаукесерін жасады. Ол рәсімге 7 келіншек қатыстық. Біріміз текеметті төсесек, біріміз бөпені алашаға тұрғызып, аяғына білезік тағып, ол білезік арқылы ала жіпті байлап, пышағын әкеліп, тұсауын кесіп, жетектедік. Сондағы ниет – әр әйелдің өзіндік ерекше қасиетін (даналығын, нәзіктігін, қайсарлығын) Ханзада қыз бойына сіңірсін дегені ғой», – деп жазды Сұлтанқызы.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<