Алаяқтар аяғын тартпай тұр

547

0

Жыл басынан бері қалада алаяқтық бойынша 527 іс тіркелген, бұл өткен жылдың салыстырмалы кезеңіндегі деректен 42-ге көп. Әлеуметтік желі арқылы жасалған алаяқтық бойынша 285 іс өндірістік қарауда. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қалалық полиция басқармасы криминалды полиция бөлімінің бастығы, полиция майоры Айдарбек Құрбанов айтты.

– Қазіргі уақытта әлеуметтік желі арқылы жасалатын алаяқтық қылмыс көп тіркеліп жатыр. Атап айтқанда, ақшаны еселеп беру, азаматтардың деректерін пайдаланып онлайн несие алу, «Колеса», «Инстаграм», «ОЛХ» жарнама парақшаларындағы жалған хабарландыру арқылы сауда жасау.

Сондай-ақ, «балаңызды полиция қызметкері ұстап тұр, оны шығарып алу үшін ақша аудару керек» деп алдайтындар да бар. Бұл сипаттағы қылмыстардың ізін суытпай ашу бағытында жедел-профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Нәтижесінде ҚПБ осындай қылмыс жасаған 17 дерекке қатысы бар деген күдікті адамды ұстап, қамауға алып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде, – деді А.Иманбердіұлы.

Алаяқтық қылмыстардың арасында жоғалған ұялы телефонда сақталған жеке деректерді пайдалану фактілері де бар.

«СБ» ақпарат

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<