Алаяқтар кез келген қазақстандықтың нөмірін пайдалануы мүмкін

685

0

Фото: ашық дереккөз

Алаяқтар кез келген қазақстандықтың нөмірін қылмыстық мақсатқа пайдалана алады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

Егер бейтаныс адам кенеттен сізге қоңырау шалып, сіздің қоңырау шалғаныңыз туралы айтса, демек алаяқтар сіздің нөміріңізді пайдаланған болуы мүмкін.

«Нөмір ауыстыру технологиясы Қазақстанда жақында қолданыла бастады. Бастапқыда бұл достармен әзілдесу тәсілі ретінде ойластырылған, кейін компаниялар оны қызметтерді сату үшін пайдалана бастады, кейін алаяқтар да мұны меңгеріп алды. Технология қоңырау шалып жатқан абонент нөмірін өзгертуге мүмкіндік береді.https://d-18629636731075668475.ampproject.net/2302271541000/frame.html

Алматы қалалық ІІД киберқылмыспен күрес басқармасының бастығы Игорь Пудовкин нөмір ауыстыру технологиясы алаяқтар арасында танымал екенін айтты. Дегенмен шабуылдаушыны табу оңай емес.

– Ауыстыру үшін қолданылатын бағдарламалық жасақтаманың барлығы шетелдік. Олардың серверлері Қазақстан аумағында емес. Біріншіден, көп алаяқтың ішінен қай бағдарламаны пайдаланатынын анықтау керек. Содан кейін сұраныс жасалады. Мұның бәрі оңай шаруа емес, – деп түсіндірді подполковник Пудовкин.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<