1494 жылы 6 қарашада Осман империясының X билеушісі Сүлеймен I дүниеге келген. Оның туған күні деректерде әртүрлі көрсетіледі, бірақ көп жағдайда 1494 жылдың 6 қарашасы немесе 1495 жылдың 27 сәуірі айтылады. Осы датаға орай Сүлеймен сұлтанға арналып түсірілген ең танымал түрік сериалы «Ғаламат ғасыр» туралы деректер ұсынғанды жөн көрдік. Оның экранға шығуы көптеген елдер көрермендерін бейжай қалдырмады. Олардың қатарында өзіміздің қазақстандықтар да аз емес. Көременнің кейбірі сюжеттегі оқыс өзгерістерге қызыға қараса, тарихшылар шындықтан ауытқығанын айтып, қарсылық білдіріп те жатты. Ендеше, «Ғаламат ғасыр» телехикаясы жайлы қызықты фактілерге назар салыңыз.
4 000 000 түрік лирасы
Сериал бюджеті шамамен 2 миллион долларды құрайды. Бұл қаражат атақты актерлерге кеткен жоқ (алайда Халит Эргенч Түркияда ең көп ақы төленетін актер), оның көпшілігі декорация мен керемет костюмдерге кетті.
5 000 шаршы метр
Сериалдың түсірілім павильонына айналған Топкапы түрік сарайының аумағы шамамен 5 000 шаршы метрді құрайды. Саяхаттап барғанда бұл сарайға кірген кез келген әйел өзін Хюрремдей сезіне алады.
54 мемлекет
Сулеймен мен Хюррем өмірінің қиын-қыстау кезеңін 50 елдің көрермендері қарайтындығы белгілі болды.
19 жас
Актер Мехмет Гунсуру өзінің 37 жасында 18-жасар Мустафаның рөлін ойнаған. Мехмет экрандағы әкесінен (Халит Эргенчтен) 5 жасқа ғана кіші екен.
16 сағат
Аңыз-сериалды жасау үшін көптеген сағаттар бойы жұмыс істеу керек болды. Сондықтан түсірілім тобы тәулігіне 16 сағаттан жұмыс істеген. Кейде актерлер шаршағаннан түсірілім алаңында құлап қалатын болған. Мысалы, қатты шаршаған Бали-Бей рөлін ойнайтын Бурак Озчивит түсірілім кезінде аттың үстінен құлап түскен. Ал экрандағы қарсыластар Мерьем Узерли мен Нур Айсан (Махидевран) ұйқы аздығынан өздерінің керемет көйлектерінің етектеріне сүрініп, камера алдында бірнеше рет құлаған сәттер болған.
2 200 шаршы метр
Хюррем мен Сүлеймен туралы «Ғаламат ғасыр» сериалы өз көрермендерін қуантуды жалғастыруда. Ыстамбұлда оған арналған көрме бар. Оның аумағы 2 200 шаршы метрді құрайды және «Ғаламатғасыр» сериалындағы 20 бөлменің көшірмесі бейнеленген. Түркияға демалып барсаңыз, уақыт тауып, шығыс кереметін көру үшін көрмеге баруыңызға болады. Ол жерде әдемі костюмдерді, әшекейлерді көруге мүмкіндік бар.
47 марапат
Сериалдың сәтті 4 маусымы оған 47 марапат пен түрлі номинациялар алып келді. Ал сериалдың негізгі кейіпкерінің бірі Хюрремге үлкен атақ әкелді.
2500 киім түрі
Басты кейіпкерлердің костюмдерін тігу үшін 7 дарынды сәнгер жұмыс істеген. Барлығы 2500 киім түрі тігілген. Жалпы ұзындығы 15 мың метр мата кеткен.

Массагет.кз
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<