Фото: ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК 8-10 сәуірге арналған ауа райы болжамын ұсынды деп хабарлады turkystan.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, Қазақстанның батысында және оңтүстік-шығысында аяз күтіледі. Ал солтүстік пен шығыста жаңбыр жауады.
«Атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде күн құбылмалы болады – жаңбыр жауып, солтүстікте, шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі. 9 сәуірде оңтүстік-батыста, оңтүстік-шығыстағы таулы аудандарда – жауын-шашын жауады. Ал 10 сәуірде республика бойынша жел соғып, тұман түседі. Батыста және оңтүстік-шығыста 3 градус үсік жүреді», – делінген синоптиктердің болжамында.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<