Алдағы күндері аяз күшейеді

562

0

Өңірде алдағы күндері жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тиісінше, ауа температурасы күндіз -5 градус, ал түнде -10-15 градусқа дейін суытады. Сонымен қатар желдің екпіні күшейіп, секундына 20-25 метрге дейін соғады.

Бұл жөнінде Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте «Қазгидромет» РМК Қызылорда облысы бойынша филиалының бөлім басшысы Әйгерім Жөкелова хабарлады.

-Облыста қыс мезгілі соңғы 10 жылмен салыстырғанда өте суық өтуде. Биыл тіркелген ең төменгі температура көрсеткіші -30 градусты көрсетті. Жалпы желтоқсан айында бізде орташа ауа температурасы -6-12 градусты көрсетіп, жауын-шашын мөлшері шамадан аз түсті. Ал қаңтар айында орташа температура -5-8 градусты көрсетуде. Дегенмен, желдің күшеюі әсерінен ауа темпаратурасы біршама төмендеді. Айдың соңына қарай аяз күшейіп, желдің екпіні жоғарылайды. Алайда ақпан айының басында күн жылынып, ауа темпаратурасы +5+10 градусқа дейін көтеріледі. Бірақ ай ортасында өңірде қалың қар жауып, күн райы күрт сууы ықтимал. Жалпы әлемдік климаттың өзгеруі салдарынан облыстың ауа райы да жылдан-жылға өзгеруде. Яғни қысы суық, жазы өте ыстық өтуде, – деді Әйгерім Болатбекқызы.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<