Қазақстанның оңтүстігінде алдағы үш тәулікте 20 градусқа дейін жылынады деп күтіледі. Бұл туралы «Қазгидромет» мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамы бойынша, атмосфералық фронталды бөлімдердің өтуіне байланысты таяудағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын болады.
9 наурызда оңтүстікте, күндіз Қазақстанның оңтүстік-шығысында толассыз жаңбыр жауады. Республика бойынша жел күшейіп, батыста, солтүстікте және орталықта тұман шөгеді деп болжанған.
Республиканың батыс облыстарында күндіз термометр бағаны 0-8 жылуға дейін, солтүстікте 4 градус аяздан 1 градусқа көтеріледі деп болжанып отыр. Ал, еліміздің оңтүстік өңірлерінде күн райы 10-20 градусқа дейін жылынуы мүмкін.
>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<