Алдағы күндері Қазақстанның кейбір өңірінде күн жылынады

471

0

Фото; ашық дереккөз

Қазақстанның кейбір өңірінде суық төмендеп, күн жылына бастайды. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

Ауа райы болжамына сәйкес, 2024 жылғы 2-4 наурыз аралығында елдің шығысында суықтың біртіндеп әлсіреуі байқалады. Қазақстанның басым бөлігінде теріс температуралық фон сақталғанына қарамастан, алдағы күндер көктемгі күн шуақты болады деп күтіледі, тіпті елдің шығысында түнгі сағаттарда минус 36-дан минус 20 градусқа дейін суықтың біртіндеп әлсіреуі болжанады.

Тек елдің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс аймақтарында, циклондардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюімен бұлтты ауа райы басым болады.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<