Алғыс айту – парыз

555

0

Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов көктемнің алғашқы күнімен бірге келіп жеткен “Алғыс айту” күніне арналған мерекелік іс-шараға қатысып, аудан халқына өз алғысын білдірді.

Шара барысында жыл бойы еңбек етіп, төтенше жағдайлардың алдын алған мамандар, ерікті түрде қайырымдылық жасаған еріктілер, білімді ұрпақ өсірген ұстаздар, адам жанына араша болған дәрігерлер, өнегелі ұрпақ өсірген ата-аналар, тазалықтың сақшысы бола білген қоғамдық қызметкерлер, тыныштығымызды күзеткен батыр ұлдар, елдің дамуына үлесін қосып жүрген кәсіпкерлер мереке қарсаңында аудан әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімі Асқарбек Темірбекұлы өз сөзінде айналасындағыларға, туған жеріне қамқорлық көрсеткен, ең ауыр сәтте ең жоғары адами қасиеттерді, азаматтық батылдықты, ортақ қатер кезінде өзінің іс-әрекеттері мен тұтастық үшін жауапкершілік танытқан осы күнгі «Заманымыздың батырлары» Астана қаласында өз өмірін тәуекелге салып, 3 жасар қызды құтқарған жерлесіміз Сәбит Шоңтақбаевтың, Аққұм ауылындағы тұрғын үйдегі өрттен өзінің бауырларын аман алып қалған кішкентай батыр қыз Мерей Бахыттың ерлік істеріне арнайы тоқталып, ұлағатты ұрпақ өсірген әкелерге ерекше құрметін білдірді.

Аудан халқы мерекелік концертті тамашалап, Жалағаш жұрты Көктемді көтеріңкі көңілмен қарсы алды.

 


>>> Біздің Facebook, Instagram парақшаларымыз бен Telegram каналымызға жазылыңыз! <<<